Шымкентте өліммен аяқталған атыс судьяның туған күн кешінен басталған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өліммен аяқталған атыс судьяның туған күн кешінен басталған

Шымкентте өліммен аяқталған атыс судьяның туған күн кешінен басталған

-Табельдік қару қолданып, адам өлтіргені туралы жалған ақпарат тарады. Аталған ақпарат шындыққа сай келмейді. Жалған ақпарат таратқан тұлғалар анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚК 274 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

  • 24 Шiлде 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz

Мына эксклюзивті кадрлар түнгі клуб маңындағы бақылау камераларына түскен. Судьяның туған күнін тойлау кезінде екі топ жанжалдасып қалады. Соңы клуб алдындағы жаппай төбелеске ұласыпты. Осы сәтте бірі көлігінен  травматикалық қару алып келіп, қарсыластарының бірінің кеудесіне бір мәрте оқ атқан. Салдарынан 21 жастағы жігіт мерт болды. Бұл таспаның көмегімен полицейлер бүлік шығарғандарды түгел ұстадық деп отыр. Араларында, туған күнін тойлатқан судья мен полиция капитаны да бар. Ал сол күнгі оқиғаны бұрмалап, жұртты дүрліктіретін ақапарат таратқан екі бойжеткен де табылды.

Данияр Мейірхан, Шымкент қалалық ІІБ бастығы: