орта мектеп ғимаратына көшірілген алматылық тұрғындарға азық-түлік, су мен төсек-орын жеткізіп берді.
«Қызыл Жарты Ай қоғамы мектепке ыстық тамақ, су, көрпе мен санитарлық гигиеналық құралдар жеткізіп берді. Қазір онда қалған 50-60 адамның дені әйелдер мен балалар. Ер адамдар үйлерін қарап, келген шығынды есептеу үшін үйлеріне қайтты», — делінген қоғамдық ұйымның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Ал, Алматы қалалық ТЖ департаменті туыстарына кете алмай, мектепте қонуға мәжбүр болған тұрғындарды жиналмалы төсекпен қамтамасыз етті.