Киноға келген ер адам тура сеанс кезінде көрермендерге қару кезеніпті. Атыс кезінде екі адам оққа ұшып, тағы бесеуі жараланды. Қаза тапқандардың бірі қаскөйдің өзі. Ал жарақат алғандардың екеуі қазір ауыр халде жатыр. Полицейлер қару кезенген қаскөйдің аты-жөнін әзірге атамай отыр. Тек, оның 58 жастағы азамат екені белгілі. 3 жыл бұрын да Колорадо штатындағы кинотеатрлардың бірінде дәл осындай атыс болған. Ол оқиғадан 12 адам көз жұмып, 70-і жарақат алған еді.