66 томды құраған ауқымды іс бойынша 8 адам қамауға алынды.
Әскерилердің екеуі әйел. Тергеу материалдарына сүйенсек, сыбайластар капитан Пұсырмановтың жетекшілігімен 6 жыл бойы жеген бюджет ақшасын сарбаздардың банкомат карточкасына аударып, кейін өздері қолма-қол шешіп алып отырған. Сөйтіп бірнеше жыл бойы қалтаға кеткен соманың көлемі 500 миллионға жетіпті.Бұдан бөлек, 54 миллион теңгені де зейнетақы қорына заңсыз аударыпты.
Жеңіс Темеков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
-10 шілдеде қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық әскери сотқа жолданды. Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған тұлғалардың жасаған қылмысына сараланып, жазаланатын болады.