Талғар өзені маңындағы «Спутник» балалар лагерінен 400 бала қауіпсіз жерге шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғар өзені маңындағы «Спутник» балалар лагерінен 400 бала қауіпсіз жерге шығарылды

Талғар өзені маңындағы «Спутник» балалар лагерінен 400 бала қауіпсіз жерге шығарылды

Талғар өзені маңында орналасқан «Спутник» балалар лагерінен 400 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.

  • 26 Шiлде 2015
  • 426
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысында Комсомолка мұздығының астында жаңбыр салдарынан Талғар өзенінде сел түзілді. Қазіргі кезде «Үлкен алаңқай» гидропостында су шығыны 17 куб м/с құрайды, ал төтенше жағдай тудыратын су шығыны деңгейі әдетте 45 куб м/с болады.

«Адамдардың қауіпсіздігі үшін Талғар өзенінің жоғарғы жағына жақын маңда орналасқан саяжайлар мен демалыс үйлерінен тұрғындардың бір бөлігі қауіпсіз жерлерге шығарылуда. «Спутник» балалар лагерінен 515 адам эвакуацияланды, оның ішінде 400 бала бар», делінген хабарламада.


Бұл жұмыстарға Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖ департаменттері мен полиция бөлімшелері жұмылдырылған.