Мәскеуге ұшып бара жатқан Boeing жолаушылар ұшағында дүрбелең туды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуге ұшып бара жатқан Boeing жолаушылар ұшағында дүрбелең туды

Мәскеуге ұшып бара жатқан Boeing жолаушылар ұшағында дүрбелең туды

Самара-Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы аспанда ұшып бара жатқан кезінде оның салонында герметизациясыздану орын алды.

  • 27 Шiлде 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Мәскеудегі әуе диспетчерлері қызметтерінің хабарлауынша, Внуков әуежайына қонғанға дейін шамамен 20 минут уақыт қалғанда ұшақ бортында герметизациясыздану орын алғаны туралы әуе кемесінің командирі хабарлаған. Нәтижесінде ұшақты 7 мың метр биіктіктен 3 мың метр биіктікке төмендету туралы шешім қабылданды.

Ұшақ Мәскеуге аман-сау қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында оқиғадан зардап шеккендер жоқ.


Айта кетейік, ұшақтың немесе ғарыш кораблінің кабинасының герметизациясыздануы салдарынан ондағы оттегі көлемі азайса, бұл жолаушылар мен экипаждың ажал құшуына әкеледі.