Ақмола облысында 800 тонна шөпті өрт жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 800 тонна шөпті өрт жалмады

Ақмола облысында 800 тонна шөпті өрт жалмады

Ақмола облысы Аршалы ауданының Түрген ауылында « «Агрофирмапоиск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа жинаған төрт мая шөбін өрт жалмады,

  • 27 Шiлде 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

ТЖД мәліметі бойынша өрт шілденің 25-нен 26-на қараған түні сағат 00:22 минут шамасында орын алған. Осының салдарынан «Агрофирмапоиск» ЖШС-нің қысқа жинаған мал азығы, яғни барлығы 800 тоннаны құрайтын 4 мая шөбі күйіп кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 6-ӨБ жеке құрамынан 6 адам мен 2 бірлік техника және 3 өрт сөндіру насосы, сондай-ақ, серіктестіктен 4 бірдей К-700, су тасымалдайтын үш ГАЗ-53 көлігі, 1 бульдозер және 30 жұмысшы жұмылдырылды.