Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған бәссауданың қорытындылары бойынша, жалпы сомасы 250,5 млн. теңге сомасына барлық 13 учаске сатылған, соның ішінде:
80,6 млн. теңге сомаға ЖТК үшін 2 учаске;
72,8 млн. теңгені құрайтын өндірістік базалар үшін 3 учаске;
43,4 млн. теңгеге шағын және орта бизнес нысандары үшін 4 учаске;
53,7 млн. теңге сомаға модульдік павильондар үшін 4 учаске сатылды.
Қазіргі уақытта қала әкімдігінің жер учаскелерін жалға беру құқығын ұсыну туралы тиісті қаулысы келісілуде және бұрыштама соғылуда.