Салмағы небәрі 54 келі талдырмаш әйел жүк көлігін орнынан қозғалтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салмағы небәрі 54 келі талдырмаш әйел жүк көлігін орнынан қозғалтады

Салмағы небәрі 54 келі талдырмаш әйел жүк көлігін орнынан қозғалтады

Ұлыбританияда елдің ең мықты азаматшасы табылды. 31 жастағы салмағы небәрі 54 келі Кэтрин Бартлетт 160 келілік заттарды көтеріп, жүк көлігін орнынан жылжыта алады.

  • 28 Шiлде 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Кэтриннің спортпен айналысып келе жатқанына үш жыл. Нәтижесі де жаман емес. Саутгемптон тұрғыны, екі баланың анасы спорт үшін шаштараздық жұмысын тастаған, деп жазды Daily Mail.

Кэтриннің сөзіне қарағанда, ол теледидар арқылы жарыстарды көріп, спорттың бұл түріне қызыға бастаған.

Енді ол Ұлыбританиядағы сындарға ғана қатысып қоймай, сонымен бірге еуропалық және әлем чемпионаттарында бағын сынап жүр.