Н. Назарбаев пен Р.Азеведо Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша келіссөздердің сәтті аяқталғанына қатысты пікір алмасты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н. Назарбаев пен Р.Азеведо Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша келіссөздердің сәтті аяқталғанына қатысты пікір алмасты

Н. Назарбаев пен Р.Азеведо Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша келіссөздердің сәтті аяқталғанына қатысты пікір алмасты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберто Азеведомен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 28 Шiлде 2015
  • 620
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің табысты аяқталуына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар еліміздің осы Ұйымға кіруі жөніндегі құжаттар топтамасын ратификациялаумен байланысты ішкі рәсімдер мәселесі де қозғалды.

Елбасы республикамыздың ДСҰ-ға енуі «Қазақстан — 2050» ұзақмерзімді даму Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыртқы сауданы одан әрі дамыту және шетелдік инвесторлармен өзара ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.