Атырауда қарындасын зорлаған педофил 17 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қарындасын зорлаған педофил 17 жылға сотталды

Атырауда қарындасын зорлаған педофил 17 жылға сотталды

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қарындасын зорлаған тұрғынған қатысты

  • 28 Шiлде 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz


17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

«Ақтөбе облысының тумасы, санасын арақ тұмандатқан Ж.Т. анасының науқастығын, қарындасының қорғансыздығын пайдаланып, үш жыл бойы әкесі бөлек, шешелері бір қарындасын жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеп келген», делінген хабарламада. 
28 жастағы жанұялы педофилдің қылмыстық әрекеттері сотта, сот-дәрігерлік сараптамасында толықтай дәлелін тапты.
Сот үкімімен Ж.Т-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабының төртінші бөлігімен, 120-бабының үш бөлігінің үш тармағымен 121-бабының 4-бабының төрт бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.