1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жаңа жеңілдіктер енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жаңа жеңілдіктер енгізіледі

1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жаңа жеңілдіктер енгізіледі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылдың 1 тамызынан бастап күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) төмендегі пойыздарға 10% жеңілдіктер енгізілгенін хабарлайды;

  • 28 Шiлде 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

 — №35 Алматы-Шымкент бағытына;
 — №49 Алматы-Ақтөбе бағытына;
 — №50 Ақтөбе-Алматы бағытына;
 — №78 Атырау-Алматы бағытына;
 — №90 Қызылорда-Астана бағытына.

Бұдан бөлек, барлық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа)  жоғарғы орындарына 5% көлемінде   жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл жеңілдіктер бұған дейін белгіленген жеңілдіктерге, яғни тарифті икемді басқару мен дисконттық карталарға қосымша енгізіліп отырғанын айта кету керек. 

Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Құрмет» (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және «Жастар» (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконттық карталарға қазіргі 10 пайыздық жеңілдікті 30 пайызға дейін көбейткенін хабарлайды.  

«Саяхатшы» дисконтты картасы — жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:


100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі — 10 пайыз;
150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны — 15 пайыз;
200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі — 20 пайыз жеңілдіктер қаратырылған.

Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.