деді РИА «Новости» агенттігіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДСҰ Бас кеңесінің қорытындысы бойынша.
Қазақстан ресми түрде 2015 жылдың соңында ұйымның 162-ші мүшесі атанбақ.
«Ресей — біздің ірі сауда-экономикалық серіктесіміз. Сондықтан біз Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша әрекеттерімізді үйлестірдік. Біз әрдайым Ресей тарапынан қолдауды сезіндік, сондықтан бұл ортақ жеңісіміз деп ойлаймын. Еуразиялық экономикалық одаққа да бұл оң әсерін тигізеді. Жақын арада Беларусь елі де ДСҰ-ға кіру үрдісін аяқтап, одағымыз бен бұл ірі сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің тағы бір көпірі қаланады деп үміттенеміз», — деді ол.
Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан да Ресей сияқты Беларусьтің ДСҰ-ға кіруіне жәрдемдесуге дайын. «Бізде де, Ресейде де тәжірибе бар. Біз бір экономикалық кеңістіктеміз. Сондықтан біз экономикалық және саяси жағынан Белоруссияның ДСҰ-ға кіруіне мүдделіміз», — деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, ДСҰ-ға кіру — Қазақстан үшін тарихи құбылыс.
«Бұл — экономикалық тұрғыда сапалы өзгеріс. Менің пікірімше, бұл Еуразиялық одақ үшін де сапалы өзгеріс», — деп қосты ол.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Қазір оның құрамында 161 мемлекет пен аумақ бар. Ресей ұйымға 2012 жылы кірген. Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда ДСҰ-ға кіруге өтініш білдірген.