Информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың алғашқы туры басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың алғашқы туры басталды

Информатика пәні бойынша Халықаралық олимпиаданың алғашқы туры басталды

Алматы қаласында информатика пәні бойынша мектеп оқушылары арасында өтіп жатқан XXVII Халықаралық олимпиадаға (OIO-2015) қатысушылар алғашқы турға кірісті. 

  • 28 Шiлде 2015
  • 502
Фото - Caravan.kz

Алғашқы тур Atakent Park Hotel қонақ үйінде өтіп жатыр. Онда оқушылар алгоритмдік тапсырмаларды орындап, солардың негізнде бағдарламалар жазады. Тур күндізгі сағат 14.00-ге дейін созылады.

Түстен кейін қатысушылар алғашқы турдың нәтижелерін талқылайтын болады.

Ал Олимпиада қонақтары болса, Алматы қаласының көрікті жерлерін аралайды. «Медеу» спорт кешені және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы шипажайында болады. 

Ал кешке қарай оқушылар спорттық жарыстарға қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл оларға спортта да өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетелік, биыл Олимпиадаға 86 елден 630-дан астам делегат келді.


Қазақсанның атынан информатика пәні бойынша Еуразиялық олимпиаданың күміс жүлдегерлері Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Назарбаек Алтыбай қатысуда.

Олимпиаданың жабылу рәсімі 1 тамызда өтеді.