ҚР Қаржы вице-министрі: Тендер тек электронды құжаттармен өтетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қаржы вице-министрі: Тендер тек электронды құжаттармен өтетін болады

ҚР Қаржы вице-министрі: Тендер тек электронды құжаттармен өтетін болады

Мемлекеттік сатып алулар тек электронды құжаттармен жұмыс жасамақ.

  • 28 Шiлде 2015
  • 696
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алулар жүйесіндегі міндетті электронды құжат айналым бизнесмендерге сатып алу байқауының заңдылығын тексеріп отыруға мүмкіндік береді.

«Жаңа заң жобасында электронды шот-фактураларды, электронды жүкқұжаттарды және орындалған жұмыстардың электронды актіні ұсынуды міндеттеу талабы енгізілді. Бұндай шара келісімшарттың орындалу және жүзеге асу барысын қадағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, келісімшарт бойынша істерді: оның жоспарлауынан толығымен аяқталуына дейінгі үдерісті қадағалауды толығымен автоматтандыруға болады», — деді вице-министр.


Айта кетейік, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасын жасақтады.