Алматыда Шығыс аңыздары туралы көрме келушілерді тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Шығыс аңыздары туралы көрме келушілерді тәнті етті

Алматыда Шығыс аңыздары туралы көрме келушілерді тәнті етті

Алматыда қытай, жапон және үнді шеберлері жасаған туындылар көрмесі өтіп жатыр. Ежелгі Шығыс аңыздары туралы көрмеге 19-шы ғасырда салынған суреттер мен мүсіндер қойылған.

  • 29 Шiлде 2015
  • 371
Фото - Caravan.kz

Табиғи бояумен салынған суреттерде Ежелгі Шығыс елдеріндегі соғыс кезі бейнеленіпті. Ал, мүсіндер негізінен сол кезде сыйынған құдайларының кескіні. Ауқатты адамдардың киген киімі, әскерлердің қару-жарақтары да осы кезге дейін қаз қалпында сақталған. Ұйымдастырушылар көрмеге арнайы алуан түрлі өсімдіктер және құстардың бейнесімен оюланған жәдігерлерді таңдап алға екен. Олардың ең құндысы 16-шы ғасырда Қытайда жасалған сурет. Жібек матаның бетіне өсімдік бояуларымен салынған ораманың ұзындығы 13 метрден асады.

Мария Копелиович, көрме жетекшісі:

— Көрмеге аңызбен байланысты туындыларды таңдап алдық. Бәрі де мүсіншілер мен суретшілердің жеке коллекцияларынан алынған. Бұл келушілерді қызықтырары сөзсіз. Көрме қытай, жапон және үнді елдерінің ежелгі аңыздарымен таныстырады.