Елімізде аутизм дертіне шалдыққан бала саны артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде аутизм дертіне шалдыққан бала саны артқан

Елімізде аутизм дертіне шалдыққан бала саны артқан

Елімізде аутимз дерті дендеп тұр! Бүгінде 2 мыңға жуық бала осындай психикалық-эмоционалдық ауытқуға ұшыраған. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Есепке алынбағаны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені науқас балалардың барлығына бірдей дұрыс диагноз қойыла бермейді. Екіншіден маман тапшы. Әрі емдеу әдісі де бір ізге түспеген. Сондықтан аутист баласы бар ата-ана өздері логопед, дефектолог, тіпті психолог қызметін атқаруға мәжбүр.

  • 29 Шiлде 2015
  • 517
Фото - Caravan.kz

Ләйлә дәл осылай 9 жастағы баласымен күнде жаттығу жасайды. Оны таспаға түсіріп отырады. Бұл өзі тәрізді аутист бала емдеп отырға өзге ата-анамен тәжірибе алмасуға қажет. Егер арадағы әңгіме үзілсе, Саша қайтадан қиялға беріліп кетеді. Мұндайда баланы жаттығуға қайта ілестіру қиын екен.     

Ләйлә Байрамова, Александрдың анасы:

-Баланың ойлау қабілеті тежелген. Қатарластары әлдеқашан мектепке барып жүрсе, бұл әлі ойыншықпен де жөнді ойнай алмайтын халде. Күнделікті осылай жаттықтырамын. Олай етпесем ауруы асқынады.

Әмина Ермұхамбетова да аутист баласын емдеп отырған ана. Әлиасқардың жүйкесіндегі ауытқу 3 жасында байқалған. Содан бері келіншектің оны емдетпеген бері жоқ. Енді ұлының логопеді, дефектологы, тіпті психологы да өзі.   

Әмина Ермұхамбетова, Әлиасқардың анасы:

Мұндай жағдай менің басымда болады деп ойламаған едім. Тіпті мұндай аурудың да барын білмегем. Бірақ бала осылай туылғанда бәрі өзгерді. Қызметімді де тастап, осыны қараумен отырмын. Қазір ұлым 7 жаста. Өз еркімен сөйлей де, ойнай да алмайды.

Ал ондай балаларды емдеу әдісі күні бүгінге дейін жүйеленбеген. Оның үстіне маман жоқтың қасы. Сондықтан аутизм диагнозы да көбіне қойыла бермейді. Ем-домның ақсап тұрғанын осы саланың басы қасында жүргендердің өздері де мойындайды. Оған, әрине, басты себеп – мемлекеттік деңгейдегі жәрдемнің жоқтығы дейді олар. 

Әлия Арқарова, «Ашық әлем» қайырымдылық қорының президенті:

Бұл мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселе. Денсаулық сақтау мен Білім министрлігінің өкілдері бір үстел басына отырып, талқылауы керек. Әсіресе, 3 жасқа дейінгі балаларға толықтай ем-дом барлық қажетінше жасалуы тиіс. Емханаларда да скриниг жүйесін жетілдіру қажет. Ең бастысы – сауықтыру орталықтарын көбейтсе.

Аутизм – ақыл-ойындың тежелуінен туындайтын ауру. Әрі қиындығы сол – дер кезінде анықтала қоймайды. Әдісін тапса, бала одан айығып кетуі де мүмкін. Мәселен, Ресейде мұндай дерттің кешенді емдеу курсы жарты миллион теңге шамасында тұрады. Лейла мен Әмина ұлдарын сонда апарып, емдетпек ниетте. Тек оған қаражаттары тапшы. Сондықтан қос ана көптен көмек сұрауға мәжбүр.