Алматы облысында қарақұрт шағып өлтірген баланың анасы дәрігерлерді сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қарақұрт шағып өлтірген баланың анасы дәрігерлерді сотқа бермек

Алматы облысында қарақұрт шағып өлтірген баланың анасы дәрігерлерді сотқа бермек

Алматы облысында жалғыз ұлынан айырылған ана дәрігерлерді кінәлады. 7 жастағы ойын баласын қарақұрт шаққанда Ақсу аудандық ауруханасында қарапайым у қайтаратын дәрі болмай шыққан. Салдарынан кішкентай Айбек екі күн бойы ауру азабын тартып, ақыры сылбыр дәрігерлер «сыворотка» деп аталатын сарысуды тапқанша жан тапсырыпты. Асқынған ауру түгілі, кәдімгі қарақұрттың уын қайтара алмайтын дәрігерлер аудандық ауруханада қызмет етпеуі тиіс деген ана енді оларды шетінен сотқа бермекші.

  • 29 Шiлде 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

-Өзіме естелік қылып қалдырып отырған суретім. Мынау баламның бірге оқыған балалары.

Жалғыз баласын жер қойнына тапсырғалы айдан асса да Гүлжаһан Асанова ауыр қайғыдан әлі айықпаған. Қаралы күннің куәсі болған мына бөлмені де сол бос күйінде қалдырыпты. Баласының киім-кешегі, оқыған кітаптары, ұсақ ойыншықтарына дейін тастамай сақтап отыр. Ұлы Айтбектің балғын өмірінің соңғы сәтіндегі жан қиналысы оның әлі көз алдында.

 Гүлжаһан Асанова, Айтбектің анасы:

Сөйтсем, бала барғанша жаны қиналып, өзінің алдындағы тісін жұлып тастапты. Оны медсестра айтты. Содан кешке жақын жаны қиналып жатқанда астыңғы тісін жұлқылады. Айтбек, не болды десем, «мама, шыдамай бара жатырмын» деді. 53:51 Қазір жақсы, кішкене ұйықтап жатыр деп сөйдеді. Сөйтсем, сол моментте балам кетіп қалған.

Айтбекті қарақұрт шаққан жер мына су. Балалармен шомылып жүргенде кенет ышқырынан қап-қара өрмекші шығып, қаша жөнеліпті. Денсаулығы лезде әлсіреген баланы ауыл адамдары ауруханаға жеткізген. Тек, екі күн төсек тартып жатқан кішкентай Айтбекті ақ халаттылар құтқара алмады. Содан бері дәрігерге әбден өшіккен ана бүгін де оларды көре сала айғайға басты.

-Сен өзің де білесің, маған талай рет келгенсің. – Баламнан кейін 4 неше адам түсіп отыр. Қалай сонда аман алып қалмадыңдар. Неге соларды да өлтірмедің…

Дәрігерлермен жағаласам деп жүріп бір уақытта Гүлжаһанның өзі де есінен танып қала жаздады. Қарақұрт уын дер кезінде қайтара алмағанын дәрігерлер мойындап отыр. Айтуларынша, вакцина аудан бойынша табылмаған. Сөйтіп, жан-жақтан сұрастырып жүргенде уақыт өткізіп алыпты.


Тұрымбай Байқадам, Ақсу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Енді бала жатты, біз мойындаймыз. Енді бізде бірінші күні келген кезде қарақұртқа қарсы несі болмады. Бірақ, баланың жағдайы ауыр болды. Керекті симптоматикалық емнің бәрі жүргізілді дер кезінде. Облыспен де сөйлестік, бала тасымалдауға жарамады.

Топ-тобымен жүріп, бір амалын таба алмаған дәрігерлерге қаралы ананың өкпесі қара қазандай. Сондықтан біліксіз мамандар қызметте қалмауы тиіс дейді ол.

-Қолдан келген көмектің бәрін жасадық деген аурухана басшылығы өздерін сүттен ақ, судан тазамыз деп отыр. Алайда, қайғыдан қара жамылған Гүлжаһан Асанова оларды бәрібір кінәлі деп санайды. Тіпті, түрмеге қамату үшін Бас прокуратураға арыз жазбақ.