Астанада үлескерлер құрылыс компаниясының кеңсесіне тағы басып кірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үлескерлер құрылыс компаниясының кеңсесіне тағы басып кірмек болды

Астанада үлескерлер құрылыс компаниясының кеңсесіне тағы басып кірмек болды

Астанада шыдамы таусылған үлескерлер «Азбука жильяның» кеңсесіне тағы басып кірмек болды. Жаңа пәтерге ақша құйып, далада қаңғып қалған мыңдаған адамға бұл жолы да компанияның өкілдері мән-жайды дұрыс түсіндіріп бере алмады.  

  • 1 Тамыз 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz

Атышулы «Азбука жильяның» кеңсесінің алдында наразылық білдірген үлескерлер уәде етілген үйлерінің биыл бітетіне сенбейді. Оның үстіне компания кеңселерін жауып, дүние-мүлкін жинап, дереу штатын қысқартып жатыр. Әзірше, басшылығына қатысты «ақша жымқыру және өзгенің қаржысын талан таражға» салу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ, компанияның есеп-шоты бұғатталмапты. Жарнамаға сеніп алданған 4 мың салымшы болса, компанияға 40 миллиард теңгесін санап берген екен. Тек жаңа пәтер түгілі оның іргетасы да қаланбаған. Тақырға отырған жұрт «Азбука жильяның» экс-депутатқа тиесілі екенін айтады. Ал күллі елге аты шыққан компания сасатын емес. Инвестор табылған жағдайда үйлерді 2017 жылы бітіреміз дейді.

Ермек Тасболатов, үлескер:

-Халықтың ыза боп отырғаны — бұлар қашан тояды? Жеу деген қашан тоқтайды? Түсіней тұрмын.Ұрлап қашып кеткендердің барлығы үлкен жерде деп отыр. Біреуі депутат анау-мынау деген сияқты. Қанша халықтың обалына қалып отырып  барлығы оңбайды, оңбайды бәрібір.

Айнұр Ғафурова, үлескер:

-Тамыз  айы басталды, ештеңе шешіліп жатқан жоқ. Не себептен? Қанша ақшалары, күндіз түні адамдар, бала шағамыздың болашағы үшін салып отырмыз ғой? Масқара ғой. Бізді бала құсап алдап кетті.