Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 2 қыркүйегіне бортында халықаралық экипаж отыратын «Союз ТМА-18М» көліктік басқарылатын кемені ұшыру жоспарланды.
Ал 2015 жылдың 1 қазанынан бастап ХҒС-на «Прогресс М-29М» көліктік жүк кемесі аттануы тиіс.
Байқоңырдан ең жақын болатын ұшыру 28 тамызға белгіленген. Сол күні Inmarsat-5F3 еуропалық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмақ.

