Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстары басталды

Петропавл әуежайын жөндеу жұмыстары басталды

28 шілдеде «Петропавл әуежайында аэродром төсемдерін, ұшу-қону жолағындағы жасанды төсемді,

  • 3 Тамыз 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

перронды қалпына келтіру және ОВИ-1 жарық сигналды қондырғысын орнату» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінен.

Қала әуежайын реконструкциялау бойынша бас мердігер электронды конкурс нәтижесі бойынша «К-Дорстрой» АҚ танылды. Оған жобалық-сметалық құжат пен құрылыс алаңы тапсырылды.

Жобада ұшу-қону жолағын қалыңдығы 10 см құрайтын асфальтты бетонмен жабу, оны 300 метрге ұзарту, 18 метрге кеңейту, сонымен қатар ұшу жолы мен перронды қалыпқа келтіру қарастырылған. Бұл жұмыстардан кейін ұшу-қону жолағы А-320-200, А-310-300, Боинг-767-200/300, Боинг-757-200/300 әуе кемелерін қабылдай алады.


Осыған орай, құрылыс аяқталғанға дейін бұл әуежай арқылы ұшу-қону тоқтатылды. Әуежайды толық қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылы аяқтау көзделген.