Алматыда ұшқыш Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұшқыш Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтеді

Алматыда ұшқыш Талғат Бигелдиновті еске алу кеші өтеді

Алматылықтар атақты ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновті еске алмақ.

  • 3 Тамыз 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz


Шара тамыздың 5-і күні 28 панфиловшылар саябағында өтеді. Бұл туралы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымы хабарлады. 

5 тамызда аллеяда жеке музейлік экспонаттар, мұрағат құжаттары, сирек қолжазбалар мен кітаптардан, суреттерден тұратын ақпарат көпшілік назарына ұсынылып, даңқты батыр туралы «Әуеге көтерілу» деректі фильмі көрсетіледі. 
Ұйымдастырушы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымының өкілдері еске алу күнінің дәстүрлі шараға айналуын қалайтындарын жеткізді. 
Дәл сол күні ҚР Ұлттық кітапханасында Талғат Бигелдиновты еске алу кеші өтеді. Даңқты генералдың өмірі туралы оның отбасы мүшелері, туған-туыстары баяндап бермек. Кеше ҰОС ардагерлері, әскери қызметкерлер, БАҚ өкілдері қатысады. 
Айта кетейік, Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар