Қырғыз-тәжік шекарасында орын алған қақтығыстан 5 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз-тәжік шекарасында орын алған қақтығыстан 5 адам зардап шекті

Қырғыз-тәжік шекарасында орын алған қақтығыстан 5 адам зардап шекті

Баткен ауданында қырғыз-тәжік шекарасында орын алған оқиғадан 5 адам зардап шекті.

  • 4 Тамыз 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КирТАГ Мемлекеттік шекара қызметінің қоғамдастықпен байланыс және БАҚ бөліміне сілтеме жасап хабарлады.

«Алдын ала деректер бойынша, 2015 жылғы 3 тамыздағы Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары арасындағы қақтығыс салдарынан Қырғызстанның бес азаматы түрлі дәрежедегі ден жарақатын алды, сондай-ақ ҚР азаматтарының 7 үйі, бір көлік  зақымданды».

3 тамызда оқиға орнына жиналған шекаралық аудан тұрғындары тек 4 тамызда 3:00 шамасында тарады. 4 тамызда   9:00-де жағдай тұрақталды.

Еске салсақ, 3 тамызда Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданы Кок-Таш ауылының тұрғындары мен Тәжікстан азаматтары арасында қақтығыс орын алды. Шамамен 120 тәжікстандық пен 80 қырғызстандық бір-біріне тас лақтырған.

Екі республиканың шекаралас аудандарының тұрғындары арасындағы жанжал Тәжікстан азаматтары Кок-Таш (ҚР) тұрғындары  зиратқа көлікпен өтетін жолды жауып тастағаннан туындады. Жол тәжік отбасылары тұратын Май ауылы арқылы өтеді. Наразы болған қырғызстандықтар тәжіктің Чорку ауылына баратын су арнасын жауып тастады.