Педофилдік қылмыс қайталанса, химиялық кастрация жазасын қолдануға болады - Е.Абдрасулов - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофилдік қылмыс қайталанса, химиялық кастрация жазасын қолдануға болады - Е.Абдрасулов

Педофилдік қылмыс қайталанса, химиялық кастрация жазасын қолдануға болады - Е.Абдрасулов

Педофилдік қылмыс қайталанса, химиялық кастрация жазасына жүгінуге болады.

  • 4 Тамыз 2015
  • 706
Фото - Caravan.kz

Бүгін «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ермек Абдрасулов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай пікір білдірді.

Сөз арасында заңгер заңнаманы ізгілендіру жағдайында балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмысы үшін мәжбүрлі химиялық кастрация мәселесін жан-жақты қарастыру қажет екенін еске салды. Дегенмен, ол бұндай жаза түрін енгізу туралы шешім қабылдауда асығыстық жасаудың қажеті шамалы екенін алға тартады.

«Бұл ретте халықаралық тәжірибелерді зерделеп, қылмысқа қатысты оның қайталануын, ауқымын ескеру керек. Егер қылмыскер осындай қылмысты бұған дейін де жасап, сол бойынша жазасын өтеп, сосын оны қайтадан қайталаса, онда әрине, жазаның сондай түрін қабылдау қажет болатыны анық», — деді ол.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Бас прокуратура жанындағы жұмыс тобында балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмысы үшін химиялық кастрация жазасын енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске ондай қылмысқа барғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы норма ұсынылған. Айта кетерлік тағы бір жайт, ағымдағы жылдың басынан бері балаларға қарсы қылмыс жасау фактісі өсіп отыр. Мәселен, өткен алты айда осындай 665 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 37 пайызға артық.


Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату, оларға қатысты медициналық кастрация қолдану әлемнің біраз елінде, атап айтқанда, Франция, Бельгия, Польша, Израильде қолданылуда. Ал Қазақстанда соңғы уақытта балаларға қатысты зорлық қылмысы азаймай отыр.

Соңғы жаңалықтар