Дала өрті 1 га аумақты шарпыды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хашысы Сандуғаш Баймұхамедова айтты.
«Өрт туралы хабарлама таңертеңгі 10:31-де түскен. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 техника мен 12 адам жұмылдырылды. Өртенген аумаққа жолдың жоқтығына байланысты өрт сөндіруші бригада жаяу жетті. Өрт 11:22-де ауыздықталды», — деді Сандуғаш Баймұхамедова.
Оның айтуынша, өрттен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. «Өрт жақын маңдағы ауылға жетуі мүмкін» деген қауіп сейілді.
Өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.
Айта кетейік, Алматыда күннің аптап ыстығына байланысты құрғақ шөптің өртенуі жиілеп кетті. Қалалық ТЖД хабарлағандай, өрт сөндіру қызметі тәулігіне 6 рет дала өртін сөндіруге шығады.