Бұл туралы бүгiн ОКҚ-тегі брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Алексей Цой мәлiм еттi.
"Халық арасында қауiптi сырқаттарды алдын алу үшiн ұлттық скринингтiк бағдарлама әзiрленiп, көлiктегi медицина мен телемедицинаны дамытып жатырмыз. Мiне, қатерлi iсiктi ерте кезiнде анықтау үшiн жүргiзiлген бағдарлама аясында 2014 жылы 8 мыңға жуық адамнан қатерлi iсiкке апаратын аурулар мен қатерсiз iсiктердi анықтадық, ал 2 мыңға жуық адамнан рак анықталды",-деп хабарлады ол.
Жалпы, вице-министрдiң айтуынша, 2014 жылы елiмiз бойынша 192 телемедициналық орталық жұмыс iстеп, 2 мыңа жуық адамға кеңес берген.