Қазақстан әуежайларын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әуежайларын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Қазақстан әуежайларын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда Үкімет отырысында Қазақстан әуежайларын жаңғырту жоспарлары туралы мәлімдеді

  • 19 Мамыр
  • 3
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары алдағы үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

«Әуежай инфрақұрылымына келсек, алдағы үш жылда оларды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте тек ірі әуежайларға ғана емес, өңірлік шағын әуежайларға да ерекше назар аударылады», – деді министр.

Көлік министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі туристік аймақтарында жаңа әуежайлар салынып жатқанын, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сауранбаев елдегі ішкі әуе рейстерінде биометриялық жүйе енгізілетінін хабарлаған болатын.