Той басында Ашаны Жазира Байырбекова əсем əнімен ортаға алып шықты. Ал Арман «Мистерионс» тобымен бірге əн салды.
Екі жастың қуанышына ортақтасып барша туыстары мен өнердегі əріптестері келді. Олардың ішінде Баян Есентаева, Сəкен Майғазиев, Мақпал Исабекова, Əділ мен Дана, Жанболат пен Жазира, Əсел Садуақасова, Дильназ Ахмадиева, Қайрат Нұртас, Салтанат Бақаева, Рано Омарова, Мадина Сəдуақасова сынды эстрада жұлдыздары бар, деп жазады baistars.kz.
Аша Матай (шын аты — Асқарбекова Ақбота Маратқызы) — "Шабыт" және "Жахан дала" Гран-Приінің иегері, «Жұлдыздар империясы» ("Империя звезд") телешоуының жеңімпазы. Алматыда 1988 жылы заңгерлер отбасында дүниеге келген. Анасы — Батес — танымал продюсер Баян Есентаеваның үлкен әпкесі.