Желіде Батырхан Шүкеновке арналған Әли Оқаповтың «Жаңғырық» әні пайда болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Батырхан Шүкеновке арналған Әли Оқаповтың «Жаңғырық» әні пайда болды (ВИДЕО)

Желіде Батырхан Шүкеновке арналған Әли Оқаповтың «Жаңғырық» әні пайда болды (ВИДЕО)

Желіде Батырхан Шүкеновке арналған Әли Оқаповтың «Жаңғырық» әні пайда болды.

  • 1 Қазан 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Достар! Ақырында менің жаңа «Жаңғырық» атты әнім шықты. Жақында біз осы әнге арналған жаңа бейнеклипті ұсынамыз», — деді әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Әли Оқапов пен Батырхан Шүкеновтің бірлескен композиция жазғалы жүргені көктемде-ақ белгілі болған. Алайда қайғылы оқиғамен байланысты бұл жұмыс аяқталмай қалды.

«Мен бірлесіп ән жазуды ұсындым, ол келісті. Мәсккеудегі жаңа студияға фотосуреттерді, байланыс жасайтын адамдар туралы мәліметтерді жібере бастадым. Ол «осыны жасайық, бұл қызықты жоба» болады деп, қуанышын бөлісті. Біз әнді жазып үлгере алмадық. Біз бұл жұмысты бастаған екенбіз, ол оған ұнады, мен бұл әнді бітіремін, оны Батырханға арнаймын», — деп әңгімеледі Ә.Оқапов GAKKU телеарнасына берген сұхбатында.

Қазір әнді 
Gakku.kz
 сайтынан көруге болады.