Ақтөбеде «Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді

Ақтөбеде «Бабадан қалған байтағым» атты аймақтық ақындар айтысы өтеді

1 қазанда Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Бабадан қалған байтағым» аймақтық ақындар айтысы өтеді.

  • 1 Қазан 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараның мақсаты — айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау, айтыскерлер арқылы ежелгі мемлекетшілдік идеясын дәріптеп, елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты, аймақтағы ауқымды жұмыстарды жырға қосу.

Айтыс екі айналымда өтеді. Алғашқы айналымнан ұпай саны бойынша алға шыққан екі айтыскер ақтық мәреге шығады. Жүлде қоры — 5 100 000 теңге. Бас жүлде — 1 500 000 теңге, І орын — 1 000 000 теңге, ІІ орын — 700 000 теңге, ІІІ орын — 500 000 теңге, ал жүлделі орынға ілікпеген ақындарға 100 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы беріледі.

Айтыстың жүргізушісі
 — 
Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Ерман. 

Перейти к новостям спорта