Ademi «Жаңа толқын-2015» үшінші күнінің қорытындысы бойынша екінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ademi «Жаңа толқын-2015» үшінші күнінің қорытындысы бойынша екінші орын алды

Ademi «Жаңа толқын-2015» үшінші күнінің қорытындысы бойынша екінші орын алды

Кеше Сочи қаласында «Жаңа толқын-2015»  соңғы байқау күні өтті.

  • 11 Қазан 2015
  • 793
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, биыл Қазақстанның намысын екі қатысушы: әнші Ademi және VoiceKZ тобы қорғады.

Жас әншілер байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық әнші  Ademi үздік үштікке еніп, индонезиялық әнші Millane Fernandez екінші орынды бөлісті. Екеуі де үш күнде 279 ұпай жиған, ал VoiceKZ квартеті 271 ұпаймен рейтингте үшінші орыннан сегізіншіге түсті. Үш күнде де байқауда хорватиялық Damir Kedzo көш бастады.

Атап өту керек, бұл кеште Ademi Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналған әнді орындады.

Байқау қорытындысы мен оған қатысушыларды марапаттау 11 қазанда «Россия 1»  телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Ademi, шын аты жөні Динара Қайрова, Алматы тұрғыны — халықаралық қатынастар және халықаралық туризм саласындағы жоғары білікті маман.   Варнадағы (Болгария), Ресейдегі («Ресей жұлдызы»), Испаниядағы халықаралық музыкалық байқау лауреаты, Сочидегі «Еуропа үміті» халықаралық музыкалық байқауының екінші сыйлығының лауреаты.   Мальта, Австрия, Германия, Италия және Чехиядағы түрлі халықаралық музыкалық  фестивальдерге қатысқан.  


2 

3

Перейти к новостям спорта