Қатысушылардың ең жасы 14-те. Құранның кез келген сүресі мен аятын жатқа жалғастырып әкету оңай емес. Бірақ сайыскерлердің өнері Мысырдан келген қазылар алқасының көзіне жас алдырды. Бас жүлде, яғни бір миллион теңге Оңтүстік Қазақстаннан келген Шауқат Шабдығафурұлына бұйырды. Ол жақында Сауд Арабиясында өткен халықаралық қарилар сайысына қатысқан екен. Бірақ арабтар қазақ жігітінің өнеріне қанша тамсанса да, бас жүлдені оған қимапты.
Шауқат Шабдығафурұлы, қари:
—Бізбен барғандар, ұстаздар бірінші орынға лайықты деп ойлаған. Бірақ үшінші орынға түстік біз. Бірінші орынды арабтар, екінші орын фарсылар, біз енді, Аллах біледі не үшін бізге үшінші орын бергені.