Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты

Шымкентте полицейдің кесірінен 50 жастағы әйел қаза тапты

Шымкентте полиция қызметкерінің кесірінен жолаушы қаза тапты.  Инспектор көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, өзге көлікпен соғысқан. Салдарынан, бір адам көз жұмса, тағы біреуі ауыр хәлде ауруханада жатыр. Ал лейтенант оқиға орнынан жаяу қаша жөнелген. 

  • 24 Қазан 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

Полицейдің Мерседесі де, ол соқтыққан Жигули де жөндеуге жарамсыз боп қалды. Апатқа кінәлі — 24 жастағы Қаратау аудандық полиция бөлімінің лейтенанты оқиға орнынан із суытып үлгерген. Ал, апаттан зардап шеккен ресейлік көліктегі 50 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетсе, жүргізушісі ауыр хәлде жатыр. Оқиға орнынан қашып кеткен лейтенант көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Учаскелік полицей енді 2 бірдей бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылатын болады.