Осылайша жол сақшылары ескертуден жазалауға көшті. Олар көліктерін қалаған жеріне тастап, өзге жүргізушілерге кедергі жасайтындарды нысанаға алған. Полицейлер ережені елемейтіндерді ұзақ іздеп әуре болған жоқ. Көлік қоюға тыйым салынатын белгілердің ілініп тұрғанына қарамай машиналарын қалдырып кеткендер көп екен. Кейбірі тіпті жолдың жартысын жауап тастаған. Енді олардың барлығы кемі 10 мың теңге айыппұл төлейді. Бүгінгі тексеру барысында жүзден астам хаттама толтырылып, 20 машина айып тұрағына жөнелтілді. Бірақ алматылық жүргізушілердің тәртібін түзету оңай болмайтын сияқты. Себебі тазартылған жол сол мезетте-ақ өзге көліктердің тұрағына айналды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр
Жаңалықтар
2 Мамыр