Ақтөбеде саунада жүріп тапқан баласын сатпақ болған келіншек ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде саунада жүріп тапқан баласын сатпақ болған келіншек ұсталды

Ақтөбеде саунада жүріп тапқан баласын сатпақ болған келіншек ұсталды

Ақтөбеде жаңа туған сәбиін сатпақ болған келіншек ұсталды. 23 жастағы безбүйрек ана бауыр еті баласын небары екі жүз мың теңгеге бағалаған.

  • 28 Қазан 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

Күдікті қаладағы сауналардың бірінде жұмыс істейді екен. Кімнен аяғы ауыр болып қалғанын өзі де білмейді. Тұрақты баспанасы жоқ болғандықтан жүкті кезінде-ақ сәбиінен құтылуды ойластырған. Сондықтан босанбай тұрып бала алатындарды іздепті. Суыт хабарды естіген полицейлер бірден іске кірісіп, нәрестені сатып алушы кейпінде барады. Келісім бойынша, перзентханадан шыққан соң жалдамалы пәтерде бөбегін бермек болған. Тасбауыр ана ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Ал уызға да тойып үлгермеген нәресте жетімдер үйіне жіберілді.