Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:
-Төтенше жағдайлар комитеті мен қауырт желілер ашылды. Жалпы өткен тәулікте осы жер сілкінісі фактісі бойынша 3 мыңнан астам тұрғын телефон шалды.
Дегенмен осы қызметке жүгінген азаматтардың ішінде зардап шеккендер жоқ. Оларды тек, жер сілкінісі қайталанама деген сұрақ мазалаған екен. Ал, жойқын зілзала ошағы Ауғанстан мен Пәкістанда жағдай ушығып тұр. Жеті жарым балдық дүмпуден жүздеген үй қирап, үйіндінің астында қалғандарды құтқару жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша апаттан Пәкістанда 300-ге жуық, Ауғанстанда 80-нен астам адам қаза тапқан. Ал, жараланғандар саны 2 мыңнан асып жығылады. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп мәлімдеді бүгін Сыртқы істер министрлігі. Зілзала толқыны кеше Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына 4 балдық күшпен жеткен болатын. Шымкентте тіпті түстен кейін бірнеше мектеп мен мекемеден адамдарды шұғыл көшеге шығаруға тура келді.