Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнаған, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара түсіністікке бағытталған.
Марка 4 бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі — маркалы парақ. Парақтың өлшемі: 140 х 105 мм. Марканың өлшемі: 28 х 35 мм. Таралымы — 10 000 дана. Суретші — Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басылып шығарылды.
Пошталық маркаларда екі елдің басшылары — ҚР Президенді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахаян бейнеленген.
Айта кетейік, «Қазпочта» АҚ — почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы.