Астанада сот әйелін өртеп жіберген Қ.Сәдуовті 18 жылға соттады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сот әйелін өртеп жіберген Қ.Сәдуовті 18 жылға соттады

Астанада сот әйелін өртеп жіберген Қ.Сәдуовті 18 жылға соттады

Астана қаласы Қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қанат Сәдуов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында

  • 28 Қазан 2015
  • 274
Фото - Caravan.kz

(аса қатігездікпен   кісі өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған қатаң режімдегі түзету колониясында жазасын өтеумен, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сот Қанат Сәдуовтің 2015 жылғы мамырда Астанада №25 мектептің маңында бұрынғы әйелі Светлана Сәдуованың үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін анықтады. Алынған күйік салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

Ұсынылған дәлелдер жиынтығын бағалап, сот сотталушы қасақана өлтіру әрекетін жасаған деген тұжырымға келді.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Перейти к новостям спорта