Н.Назарбаевтың Қаржы министріне көңілі толмады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаевтың Қаржы министріне көңілі толмады

Н.Назарбаевтың Қаржы министріне көңілі толмады

Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың қызметіне көңілі толмайтындығын ашық айтты.

  • 18 Қараша 2015
  • 447
Фото - Caravan.kz

Елбасы өз сөзінде бүгінде Қазақстанның даму банкін басқарып отырған Болат Жәмішев еліміздің Қаржы министрі лауазымын лайықты атқара алуы мүмкін екендігін атап өтті.

«Егерде бізде дұрыс Қаржы министрі, қазынашы болса, онда ол әрбір тиынды қадағалап отырар еді. Ал сен бере бересің. Мемлекет қазынасы саған сеніп тапсырылды. Сен менің қазынаны қадағалайтын жеке өкілімсің», — деді Елбасы Қаржы министрі Б.Сұлтановқа қарата.

Сонымен қатар Н.Назарбаев Қаржы министрі мемлекет қаржысын тыңғылықты қадағалауы керектігін баса айтты.


«Ең дұрысы Жәмішевті қою керек шығар. Ешкіммен сөйлеспейтін болады. Мүмкін біреулерге ұнамайтын шығар, маған да кейде ұнамай қалады. Бірақ, ол жетек сияқты тік, бұл анық. Мемлекеттің мүддесін де қорғайды», — деді ҚР Президенті.