Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
А320 әуе кемесі Майндағы Франкфурт-Таллин бағдары бойынша ұшқан. Оның бортында 155 жолаушы болған. Ұшқыштар шыныдағы жарықшақты көргеннен кейін апат белгісін беріп, бағытын өзгертіп, ұшақты Берлинге бағыттады.
Әуе кемесінің бортында Эстония басшысы Тоомас Хендрик Ильвес пен президент кеңсесінің қызметкерлері болған.