Мұны ести сала мектепке шұғыл жеткен арнайы қызмет 480 оқушы мен 50 мұғалімді сыртқа шығарды. Иісшіл ит әкеліп, білім ошағын түгел тексеруге тура келген. Екі сағат әуре сарсаңға түскен мамандар жарылғыш зат жоқ екеніне әбден көзі жеткен соң ғана оқушылар қайта кіргізілді. Қарашаның аязы қысып тұрған күні жұртты әбігерге салған адам да алысқа ұзай алған жоқ. Мас әйел мектеп маңындағы құрбысының үйінде арақ ішіп отырып, полицияға телефон соғыпты. Қазір ол қалалық Ішкі істер басқармасының айықтырғышында отыр. Ал бұл әрекетін арнайы қызметтерді тексеріп көрмек болдым деп түсіндірді.