Расталмаған мәліметтерге қарағанда, қонақ үйде 170 тұтқын бар. Атыс жүріп жатыр, үш адам құрбан болған болуы мүмкін, деп хабарлады РБК БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйінде автоматтан оқ ата бастаған. Бұл туралы Reuters және Agence France-Presse агенттіктері куәгерлер мен қауіпсіздік қызметіндегі жоғары лауазымды адамдарға сілтеме жасап мәлім еткен.