Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон Critics' Choice сыйлығымен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон Critics' Choice сыйлығымен марапатталды

Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон Critics' Choice сыйлығымен марапатталды

Леонардо Ди Каприо мен Бри Ларсон «Жансебіл» және «Комната» картиналарындағы рөлдері үшін АҚШ кино сыншыларының Critics' Choice сыйлығын иеленді. Марапаттау рәсімін A&E телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.

  • 18 Қаңтар 2016
  • 412
Фото - Caravan.kz


Бұл аталымға «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін Мэтт Дэймон, Джонни Депп («Черная месса»), Эдди Редмэйн («Даниядан келген қыз»), «Стив Джобс» фильміндегі басты рөлді сомдаған Майкл Фассбендер мен «Трамбо» фильміндегі кейіпкерді бейнелеген Брайан Крэнстон қатысқан болатын. 
Үздік актриса атағына Кэйт Бланшетт («Кэрол»), Дженнифер Лоуренс («Джой»), «45 жыл» картинасындағы Шарлотта Ремплинг, Сирша Ронан («Бруклин») және Шарлиз Терондар («Есуас Макс») ұсынылды. Алайда сыйлыққа «Комната» фильміндегі рөлі үшін Бри Ларсона лайықты деп танылды. 
АҚШ (BFCA) кино сыншылар қауымдастығының 300 сыншы мүшесі бар. Ол марапат өнер қайраткерлеріне жыл сайын беріледі. BFCA АҚШ пен Канададағы ірі кино сыншылар қауымдастығы болып саналады.

Перейти к новостям спорта