АҚШ-та боран қаупінен мыңға жуық әуе рейстері тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та боран қаупінен мыңға жуық әуе рейстері тоқтатылды

АҚШ-та боран қаупінен мыңға жуық әуе рейстері тоқтатылды

Американың бірқатар штаттарында Атлант жағалауынан келе жатқан қарлы бұрқасын қаупі салдарынан мыңға жуық әуе рейстері тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды. Қазір Вашингтонда соңғы ондаған жылдарда болмаған күшті боран күтілуде.

  • 22 Қаңтар 2016
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бүгін әуе қатынасын тоқтатқан және тоқтатуды жоспарлап отырғандар қатарында — United Airlines, American Airlines , Southwest Airlines, Delta әуекомпаниялары бар.

Елдің метеорологиялық қызметінің есебі бойынша, қарлы бұрқасынның келтіретін шығыны 1 млрд долларға жетуі мүмкін.

АҚШ-тың шығыс жағалауында биыл қыста қар түспеген болатын. Алайда мына қарлы бұрқасыннан келер қауіп көп, барлық жолдарды қар басып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы сағатына 80,5 км-ге жетеді деп күтілуде.