Лагардтың кандидатурасына қолдау білдіретіндердің көбейгені оның орнында қалуы жолындағы күресте беделді қарсыластың болмайтынын көрсетеді. Халықаралық қордың қазіргі басшысына көптеген дамушы елдер де дауыс беруге дайын екендіктерін білдірді.
ХВҚ сәрсенбіде үйлестіруші-директор лауазымына үміткерлерді іріктеуді бастап, оны наурыздың басына қарай аяқтайды. Іріктеу басталған сәтте Ұлыбританияның қаржы министрі Джордж Осборн Лагардты осы лауазымға қайта ұсынды. Бұған дейін Лагардтың өзі де тағы бес жыл жұмыс істеуге ниетті екенідігін білдірген еді.
Лагардтың ХВҚ-ның қазіргі үйлестіруші-директоры ретінде өкілеттігі 2016 жылдың 5 шілдесінде аяқталады.
ХВҚ басшысы болып ұдайы еуропалықтар сайланып келеді.