«Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Елбасы Жарлығын «Бірлік» партиясы қолдайды. Айтайын дегенім, бұл тактикалық тұрғыда ұтымды қадам болды. Мәжіліс көп жұмыс жасады. Депутаттар Жолдауда айтылған негізгі бағдарламалардың заңдық негізін қалады. Қысқа мерзімде қыруар жұмыстар атқарып үлгерді. Мына дүниедегі болып жатқан қауіп-қатерлердің күшейген заманында тоқтамас үшін, сайлауды өткізіп, жаңа күш, жаңа адамдар, жаңа мамандар келуі керек. Экономиканы білетін, заңды білетін, елге белгілі адамдар келуі тиіс. Сондықтан бізге, партияға үлкен мүмкіндік ашылды», — деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, «Бірлік» партиясына өз мүмкіндіктерін, қуатын бағамдайтын кез келді.
«Біз әзірге Қазақстан жұртшылығы үшін соншалықты танымал емеспіз. Құрылғанымызға толық екі жыл болды. Дегенмен біздің де айтарымыз бар. Заң жүзінде берілген ең аз дауыс үлесімізді алсақ, бізге жеткілікті болар еді. Біздің мақсатымыз осы. Бұл енді өз күшімізді сынау, бізге үлкен емтиxан болайын деп тұр», — деп атап өтті С. Сұлтанғали.
Партия жетекшісінің сөзіне қарағанда, алдағы айда партия мүшелерінің сьезі ұйымдастырылады. Ол шарада саяси партияның жоспарлары, депутаттыққа үміткер тұлғалардың тізімі құрылмақ.
«Алдымызда партия съезі өтеді. Сол кезде өзіміздің үміткерлердің тізімін жасаймыз. Сосын сайлау науқанына қатысамыз. Қазақстанды аралаймыз. Халыққа таныстыруымыз керек. Өзіміздің стратегиямызды айтуымыз қажет. Жақсылыққа апаратын партия болса, xалық қолдайды», — деп түйді сөзін С. Сұлтанғали.