Ауғанстанда «әл-Каида» қайта күшейе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда «әл-Каида» қайта күшейе бастады

Ауғанстанда «әл-Каида» қайта күшейе бастады

Ауғанстанда «әл-Каида» лаңкестік ұйымы қайта күш ала бастады.

  • 22 Қаңтар 2016
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ел президенті Ашраф Гани Ахмадзай америкалық СNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген. Осы сөзімен ол аталған экстремистік қозғалыс өткен жылдың басынан бері елдегі ықпалын жоғалтты деген пікірді жоққа шығарды. Ахмадзайдың сөзіне қарағанда содырлар көптеген басқа мемлекеттен, оның ішінде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Таяу Шығыстағы араб елдерінен ағылып келіп жатыр. Лаңкестікпен күресудің маңыздылығына тоқталған Ауған басшысы әуеден шабуыл жасай алатын қосымша күш болса, жергілікті әскерге үлкен көмек болар еді дейді.