Кәрім Мәсімов теңгенің құлдырауы тоқтайды деп уәде етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов теңгенің құлдырауы тоқтайды деп уәде етті

Кәрім Мәсімов теңгенің құлдырауы тоқтайды деп уәде етті

Теңге бағамына қатысты болжамын премьер-министр жасады. Кәрім Мәсімовтың айтуынша, алдағы бірнеше аптаның ішінде теңгенің құлдырауы тоқтайды екен. Алайда, мұның бәрі қазір құны тым төмендеп кеткен мұнай және рубль бағамымен тығыз байланысты. Бұған қоса, Мәсімов Үкіметтің кез-келген жағдайға дайын екенін де айтты. Тіпті, мұнай бағасы 16 доллар болғандағы бюджеттің жағдайы тестіленіп жатыр екен.

  • 23 Қаңтар 2016
  • 196
Фото - Caravan.kz

Кәрім Мәсімов, ҚР премьер-министрі:

-Менің ойымша, біз белгілі бір салыстырмалы тепе-теңдік нүктесіне жақындап қалдық. Енді алдағы бірнеше аптаның ішінде рубльдің де, теңгенің де долларға қатысты бағамының тұрақталатынын көреміз. Тепе-теңдік нүктесіне келгенде, жағдай да қалпына келеді. Сонда ғана ұзақ мерзімді болжам жасауға болады.