«Бүгінде Министрлік алдында мәдениет және спорт саласы мамандарын даярлау бойынша үлкен міндеттер тұр. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігі кадрларды таңдауда қатаң болу қажет», — деп тапсырды Д. Назарбаева Министрліктің алқа мәжілісінде.
Оның сөзіне қарағанда, мекемелердің жұмыс сапасы менеджмент деңгейіне және бірінші жетекшісінің біліктілігіне ғана емес, құрылған командаға да байланысты.
«Сол себепті менің ойымша, біздің алдымызда тұрған міндеттерге орай, барлық жетекшілерге деген талапты қатаңдата түсу қажет», — деп толықтырды вице-премьер.
Д.Назарбаеваның пікірінше, осы салада басқарушы рөлге ие мамандардың іскерлігіне, олардың іске деген жауапкершілігіне, мәселелерді шешудегі қадамдарына көп нәрсе байланысты.
«Басшысы жақсы болса, сол жерде жұмыс қайнап тұрады. Ақша барлығына да жетіп тұрады, онда қызмет істеп жүрген адамдардың көңілінде қаяу болмайды», — деді Д. Назарбаева.