Алматыда «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті

Алматыда «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті

Алматыдағы Мұхтар Әуезов театрында «Қоштасқым келмейді» драмасының премьерасы өтті. Қойылымға орыс жазушысы Александр Володиннің «С любимыми не расставайтесь» атты шығармасы арқау болған. Оны аударған – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Режиссер бұл спектакльде отбасы мәселесі, махаббат пен сезім, ерлі-зайыптылар арасындағы түрлі қарым-қатынастарды және ажырасудың себеп-салдарын көрсетуге тырысқан. Үйлену оңай, үй болу қиын. Алайда қиындыққа қарамастан, қалайда отбасын сақтап қалуға тырысу қажет. Қойылымның негізгі өзегі осы. Актерлар көрермендермен тығыз байланыса отырып, сырласу арқылы осы ойды жеткізбекке тырысады. Спектакльде өмірдің түрлі қиындығына тап болған сегіз отбасының тағдыры көрсетіледі. Болмашы дүниеге шаңырақтың берекесін кетіріп, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі тыңдаудан, түсінуден қалғаны сыналады.

  • 9 Ақпан 2016
  • 1254
Фото - Caravan.kz

Асхат Маемиров, режиссер:

— Жалпы махаббат пен ғадауат, достық дейміз, осы сезімдердің өзегі неде жатыр? Адам кездесетін болса, неге қоштасады, осындай ұғымдардың мағынасын ашуға тырысамыз. Қойылымға театрдың үш буын актерлары жұмылдырылған. Әсіресе жастар үшін бұл спектакль үлкен сын болды.

Абзалбек Асхатұлы, актер:


— Бұл – өте ауыр қойылым. Өйткені бұл театрдағы ең алғашқы рөлім әрі премьера болып табылады. Кешіре білу – үлкен қасиет. Шаңырақты шайқалтпау үшін ерлі-зайыпты адамдар бір-біріне кешірімді болу керек. Қойылым көрерменді осындай ойға жетелейді.

Перейти к новостям спорта